Елорда тынысы

Астанада балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа басқарма құрылады

Бүгін Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясы өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасы астанасы — Астана қаласының басқару схемасы туралы» мәслихат шешіміне толықтырулар енгізу қажеттігін қарады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған мәселе бойынша Астана қаласы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Тимур Уалиханұлы Мусин баяндама жасады.

— 2025 жылғы 29 шілдеде Балалар құқығын қорғау мәселелері жөнінде, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қорғау бойынша Премьер-министрдің орынбасары өткізген кеңестің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне 1 қыркүйекке дейін балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармаларды құру тапсырылды. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында елордада жаңа құрылым — Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма құру көзделіп отыр. Осыған байланысты Астананың басқару схемасына тиісті өзгерістер енгізу туралы жоба дайындалды, — деді Тимур Уалиханұлы.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button