Елорда тынысы

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасады

Астанада алдағы демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет сүт, нан өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және өзге де тауарларды сатып ала алады.

Іс-шара 24 және 25 қаңтар күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.

Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке маңынан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды, бұл іс-шара өтетін орынға ыңғайлы қатынауды қамтамасыз етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button