Ел тынысы

Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы өтеді

Биыл мамырдың 20-21 күндері Астанада алғаш рет «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы өтеді. Олимпиаданы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іріктеу кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 5000-нан аса 9-11(12) сыныптың оқушысы қатысты. Үздік нәтиже көрсеткен 66 команда 20 мамырда Астана қаласында республикалық кезеңде бақ сынайды.

21 мамыр күні олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанатында 11(12) сынып оқушыларына еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының білім гранттары табысталады. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, министрлер мен депуттаттар, тіл жанашырлары және қазақ тілін қолдаушы кәсіпкерлер қатысады.

Олимпиада мақсаты – қазақ тілін жастар арасында кеңінен дәріптеу, оны ғылым мен білімнің жетекші тіліне айналдыру.

Іс-шараның бас демеушісі – Fredom Holding Corp.

Жиын Астана қаласы, Сәтбаев көшесі, 2-үй, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button