Қоғам
Астанада Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

27–28 қыркүйек күндері Астанада Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Елордадағы «Қарқалы» ипподромында өтетін жәрмеңкеде Алматы облысының тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына 178 тонна өнімді ұсынады. Жәрмеңкеде ет пен сүттен бастап көкөніс пен жеміс-жидекке дейінгі түрлі өнімдер қолжетімді болады.
Ет және құс еті — 13,3 т
Сүт өнімдері — 1,6 т
Картоп — 21,6 т
Пияз — 25 т
Көкөністер — 24,4 т
Жеміс-жидек пен алма — 23 т
Басқа да өнімдер — 47,7 т
Барлық тауарлар елордалық базарлардағы орташа бағадан 15% төмен бағамен сатылады.