Қоғам

Астанада алғаш рет Қазақстан-Қытай көлік форумы өтіп жатыр

Форумды Қазақстан мен Қытайдың көлік министрлері Марат Қарабаев пен Лю Вэй ашты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға екі елдің бизнес-қауымдастығы мен көлік-логистикалық компанияларының 300-ден астам өкілі қатысып жатыр.

Форум аясында B2B және G2B кездесулер өтеді. Бұл форум жыл сайын өтетін шараға айналады деп күтілуде. Форум аясында SPG Циндао порттар тобы мен Қазақстанның Құрық порты арасында Меморандумға қол қойылды.

Тараптар порттарды одан әрі дамыту, пайдалану және басқару процестерін оңтайландыру, ақылды (smart) әрі экологиялық таза порттар салу, қызметкерлерді оқыту, процестерді жетілдіру аясында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін қысқа мерзімді жұмыс сапарлар да ұйымдастырылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button