Ел тынысы

Астанада алғаш рет “Ана тілі” зияткерлік олимпиадасы өтті

Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ тілінен «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған бұл жобаны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры бірлесе жүзеге асырды.

Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, депутаттар, тіл жанашырлары мен қазақ тілін қолдаушы кәсіпкерлер қатысты.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тілешов қатысып, жеңімпаздарға марапаттар тапсырды.
«Ана тілі» олимпиадасының басты мақсаты – қазақ тілін жастар арасында кеңінен насихаттау, оны ғылым мен білім тіліне бағыттау, сондай-ақ оқушылардың оқу сауаттылығы мен жазу мәдениетін арттыру.

Олимпиаданың ақтық кезеңіне 64 командадан құралған 192 оқушы Астана қаласына келді. Қатысушылар «Пікірсайыс», «Тілшілер», «Білімпаздар» атты үш негізгі бағыт бойынша сайысқа түсіп, бақтарын сынады.

Олимпиаданың бас жүлдесін Түркістан облысынан келген «Достық» командасы жеңіп алды.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

 

 

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button