Қоғам

Астанада әлемдік футбол жұлдыздары ағаш отырғызды

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында футбол аңыздары Кристиан Дзаккардо, Дуглас Майкон Ботаникалық бақтың аумағына көшет отырғызды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Бәріне сәлем! Біз Қазақстанға келгенімізге қуаныштымыз. Бүгін біз қаланы көгалдандыруға өз үлесімізді қостық. Экологиялық көгалдандыру жобасы жалғасады деп шын жүректен үміттенемін. Алдағы уақытта қайта оралғанда мұнда ағаштың көп болғанын көргіміз келеді», – деді Кристиан Заккардо.

«Сәлем балалар! Мен Қазақстанға келгеніме қуанып отырмын, мұнда алғаш рет келіп тұрмын. Мұндай іс-шараға қатысу маған ләззат сыйлайды. Барлығына рақмет! Біз әлі де оралып, қаланы одан да жасыл кейіпте көреміз деп үміттенеміз», – деп атап өтті Дуглас Майкон.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Астана Арена» стадионында «Манчестер Сити» мен «Милан» футбол командаларының аңызына айналған жұлдыздардың қатысуымен «Аңыздар матчы» өтеді. Ол іс-шара Қазақстан футболы күніне орайластырылған.

Сондай-ақ, елордада 26 сәуірде сағат 10.00-де жалпықалалық сенбілік басталады. Ауқымды экоакция аясында 1,4 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған. Экоакцияның негізгі мақсаты қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұрт назарын аудару болып саналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button