Қоғам

Астанада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дөңгелек үстелде әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасы, оның Шығыс Ренессансындағы рөлі, еңбектерінің маңызы және идеяларының қазіргі ғылыммен сабақтастығы туралы айтылды. Сондай-ақ орталықтың сарапшылары мен ғалымдар «Қайырымды қала тұрғындары» трактатының философиялық мәні және ойшылдың өркениет тарихындағы рөлі туралы баяндамалар жасады.

Дөңгелек үстел аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында сақталған әл-Фараби және басқа да ортағасырлық ғұламалардың еңбектеріне арналған тақырыптық көрме ұсынылды. Көрмедегі құнды мұралар қатарында әл-Фарабидің саясат пен әлеуметтануға қатысты философиялық ойлары жазылған «Саяси күнделік» және «Музыкалық салаға кіріспе» атты екі қолжазбасы болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button