Қала мен сала

Үш экспресс автобус іске қосылды

Елордада 25 қаңтардан бастап жаңа № 506, 507, 508 экспресс-бағдарлары жолға шығады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz CTS компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олар:

№ 506 — І. Жансүгірұлы көшесі — «Family village» тұрғын үй кешені;
№ 507 «Нұрлы жол» теміржол вокзалы — «Жағалау-4» тұрғын үй кешені;
№ 508 «Нұрлы жол» теміржол вокзалы — «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы».

Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды.

Атап айтқанда, № 506 бағдар Мәңгілік ел даңғылымен тура жүретін болса, № 507 экспресс-бағдар Сығанақ көшесімен Мәңгілік Ел даңғылына дейін тікелей жүріп, бұған дейін қоғамдық көлік қатынасы болмаған Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі бөлігінде көліктік қызметті қамтамасыз етеді.

№ 508 бағдар Қ. Мұхамедханов көшесінің жаңа учаскесімен (Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін), Сарайшық көшесімен «Министрліктер үйі» аялдамасына дейін тікелей қатынайды, одан әрі Ж. Нәжімеденов көшесімен «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін жүреді.

Жаңа бағыттар уақытыңызды үнемдеуге және қала ішінде қатынауды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Фото: CTS

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button