Қала мен сала

Астанада 15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды

Астана қаласында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумге байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.

Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.
Жолаушылар осы ақпаратты ескергені жөн.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button