Ел тынысы

Астанада 125 сарбаз Отан алдында ант берді

Елордадағы Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметке жаңадан шақырылған жас сарбаздардың салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл — олардың әскери өміріндегі алғашқы маңызды кезең ғана емес, сондай-ақ Отанды қорғау жолындағы жоғары жауапкершіліктің символына айналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Биыл әскери бөлімге Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Қостанай және Павлодар облыстарынан 125 жас сарбаз келіп қосылды. Мемлекеттік Әнұран үнімен ата-аналарының, ардагерлер мен командирлердің алдында олар әскери борышын адал атқаруға салтанатты түрде ант берді.⚠️

Әскери бөлім командирі, полковник Ерлан Буранбаев өз сөзінде әскери анттың Отан қорғаушы болуға бастайтын қасиетті жол екенін атап өтті:

— Бүгіннен бастап сіздер — Ұлттық ұланның сарбаздарысыздар. Сіздер халық, ата-ана және ар-ұждан алдында адал болуға ант бердіңіздер. Тәртіп, адалдық пен ерлік — бұл жай ғана сөздер емес, бұл — сіздердің қызметтеріңіздің мәні.
🎶

Қатардағы Расул Сапарбек шырқаған «Ана» әні ерекше әсерге бөледі. Әсіресе баласын әскерге шығарып салған аналардың жүрегін тербеді.

— Құқықтық тәртіп әскеріндегі қызмет — бұл өмір мектебі. Әрқайсыңыздың өзін тек жақсы жағынан көрсетіп, нағыз жауынгер ретінде шыңдалып шығатыныңызға сенемін, — деді оқу пунктінің бастығы подполковник Бахтияр Әубәкіров.
🛡

Салтанатты шарада 6636 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы подполковник Феликс Дульский мен запастағы майор Инсафитдин Гареев сөз сөйлеп, жас сарбаздарға рух биіктігін, төзімділік пен әскери антқа адал болуларын тіледі.
⏺

Мемлекеттік күзет қызметінің полковнигі, таулы Қарабахтағы ұрыстардың қатысушысы Евгений Лавренюк жас сарбаздарға арнаған сөзінде әскердегі қызметтің маңызын атап өтіп, өз жауынгерлік тәжірибесімен бөлісті. Ол әскерде ең маңыздысы — бірлік, өзара қолдау мен өз күшіңе сену екенін айтты. Ұлттық ұландағы қызмет жас сарбаздар үшін ерлік пен өмір мектебі боларына сенім білдірді.
🗣

Жас сарбаздардың бірінің әжесі — Зақыт Калямова ата-аналар мен туыстар атынан сөз сөйлеп, жасөспірімдердің азаматтық жолға аяқ басқанына мақтаныш білдіріп, сарбаздарға мықты денсаулық, табысты қызмет пен абыроймен елге оралуын тіледі.

Шара соңында 2025 жылдың 1-шақырылымындағы сарбаздар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен көрсетілім өткізді. Сонымен қатар, Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасының саптық дефилесі ерекше атап өтуге тұрарлық. Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін сарбаздар мен ата-аналар естелік суретке түсті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button