Қоғам
«Астана» жеңілістен көз ашпай келеді

Елордалық «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті чемпионатында он үшінші жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
ВТБ лигасының 13-туры аясында «Астана» баскетбол клубы ресейлік «Локомотив-Кубань» командасымен кездесті.
Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде өткен ойында «Астана» баскетбол клубы 59:93 есебімен жеңілді. Ойынның бірінші ширегінде отандық клуб қарсыласынан екі ұпайға озып кетті (15:13). Алайда екінші кезеңде астаналықтар айтарлықтай нашар өнер көрсетіп, қарсыластарына есе жіберді (13:32). Сонымен қатар, үшінші және төртінші ширектерде де (19:20, 12:28) елордалық команда жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, ВТБ лигасының биылғы маусымында «Астана»13-ойын қатарынан жеңіліс тапты.
Сурет: pbcastana.kz