Құқық

«Астана-Теплотранзит» АҚ-да прокурорлармен кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Алматы ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Нұрхан Аштархан «Астана-Теплотранзит» АҚ еңбек ұжымымен түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шараға Алматы ауданы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары – аппарат басшысы Бауыржан Ақылбаев қатысты.

Кездесу барысында прокуратура қызметкері заңнаманы сақтау, заңдылық қағидаттары, құқықбұзушылықтардың алдын алу және еңбек ұжымдарында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсініктеме берді.

Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға бағытталған және бұл кәсіпорынның тұрақты дамуы мен тиімді жұмыс істеуінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button