Қала мен сала

«Astana tech cup» республикалық чемпионаты өтті

Елордада «Astana tech cup» республикалық чемпионаты өтті. Жарыс екі күнге созылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz .

Бұл – Қазақстандағы ең ауқымды технологиялық жарыстардың бірі болып саналатын, жас өнертапқыштар, робототехника әуесқойлары, IT-мамандар мен инженерлік бағыттағы дарынды жастар бас қосатын ерекше алаң. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен: мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, педагогтер мен оқытушылар қатысып жатыр.

«Университеттің 30 жылдығы аясында көптеген шара өткізіліп жатыр. Соның бірі – осы чемпионат. Бүгінгі сайыстың ұйымдастырылуына университеттің Цифрлық ғылымдар және жасанды интеллект институты атсалысып отыр. Ел болашағы жас жеткіншектердің қолында. Осы чемпионатқа қатысушылардың барлығы мен үшін жеңімпаздар. Өйткені олар өз ауданында, өз мектебінде қатарластарынан озық болып шықты», – деді Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай.

Чемпионаттың алғашқы жылында 240 команда 600-ден астам қатысушы болса, былтыр Назарбаев университетінде өткен жарыста 650 команда 2 мыңға жуық қатысушы болды. Биыл Еуразия университетінде өтіп жатқан жарысымызға рекордтық көрсеткіште қатысушы жиналды. 720 команда 2,5 мыңнан астам қатысушы келіп отыр. Бұл – еліміздегі ең ірі чемпионат болып саналады.

Айта кетерлігі, бұл жарыс халықаралық жарыстарға іріктейтін республикалық кезең болып саналады. Жеңімпаздар дипломдар, сертификаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Ең үздік қатысушылар Түркия мен АҚШ-та өтетін әлемдік деңгейдегі чемпионаттарда Қазақстан намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады. Оның ішінде Американың Палм-Спрингс қаласында өтетін дрондар жарысы, роботтехникадан Сент-Лу́и қаласында өтетін жарысқа баруға мүмкіндік беріледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button