Қоғам

Астана театрында алғаш рет ЖИ технологиямен қойылым сахналанады

Астана қаласы әкімдігінің Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры жаңа форматтағы «Жылы мұң» қойылымының премьерасын ұсынады. Қойылымның сценографиясы, костюмдік шешімі және көркемдік элементтері жасанды интеллект көмегімен әзірленген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған үндеуінде еліміздің цифрлық даму бағытына сәйкес жасанды интеллект технологияларын барлық салаларға енгізудің маңыздылығын атап өтті. Осы стратегиялық бағытты қолдау мақсатында театр шығармашылық процесске жасанды интеллектті енгізе отырып, алғаш рет кезекті премьераны жасанды интеллект арқылы жүзеге асырады.

«Жылы мұң» драмасы – 2000 жылдар дәуірінің атмосферасында өрбитін, нашақорлықтың адам тағдырына және отбасы өміріне тигізетін қасіреті мен психологиялық әсерін ашып көрсететін әлеуметтік драма. Қойылымның басты желісінде ана мен баланың тағдыр түйіні, өмірдің жарқын сәттері мен ауыр сынақтарының арасындағы қайшылықтар суреттеледі. Шығарма отбасы құндылығы мен адам өмірінің мәніне терең ой салады. Бұл тек жеке адамның емес, тұтас отбасының психологиялық дағдарысына айналған нашақорлықтың адам өміріне келтіретін залалы мен қасіретін көрсететін терең ойлы қойылым.

Қойылымның сценографиясы, костюмдік шешімі, музыкалық және көркемдік элементтері жасанды интеллект көмегімен әзірленген.

Қойылымның режиссері және авторы – Нұржігіт Муслимов. 

Астана қаласы Мәдениет басқармасы 2024–2025 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту аясында, аталмыш премьера жас ұрпақ арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.
Баспасөз қызметі және аккредитация: тел.: +7 702 882 89 29

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button