
Бүгін «Астана Тазалық» кәсіпорнында Қазақстандағы конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша жиын өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуге сенатор Евгений Больгерт, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсын Отебаев және Астана қалалық мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден бастаған депутаттар қатысып, ұжыммен бірге жаңа Конституция жобасын талқылады.

-Бұл мекемеде қазіргі таңда 1300-ден астам адам еңбек етеді. Олардың еңбегін біз күн сайын көріп жүрміз, әрі қаладағы тәртіп пен жайлылық тікелей осы жандардың жұмысына байланысты. Әңгіме мазмұнды әрі ашық өтті. Әлеуметтік кепілдіктер, еңбеккерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттің жауапкершілігі және конституциялық өзгерістердің күнделікті өмірге қалай әсер ететіні жөнінде көптеген сұрақтар қойылды. Көтерілген барлық мәселелер бойынша түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Біз үшін адамдар ұсынылып отырған өзгерістерді және олар бекітетін құқықтар мен кепілдіктерді нақты түсінгені маңызды, — дейді мәслихат төрағасы.



