«Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы»

Астана күніне орай ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері Қосшы қаласындағы IT мектеп-лицейінің жазғы мектеп лагеріне қатысатын бастауыш сынып оқушыларына «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жас тыңдаушылар Қазақстан астанасының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу және даму кезеңдерімен танысты. Ерекше қызығушылық туғызғаны – қазіргі астананың және оның маңайындағы ежелгі және орта ғасырлар дәуіріндегі қоныстар мен қалашықтар туралы мәліметтер болды. Бұл қаланың бірнеше мәрте атауын ауыстырып, әр кезеңінде елдің саяси өмірінің айнасы әрі маңызды оқиғалардың бірі болғаны ерекше атап өтілді: Ақмолинсктен бастап Целиноград, Ақмола, Астана, Нұр-Сұлтанға дейін және қайтадан Астана атауына қайта өзгертілгені туралы баяндалды.
Дәріс барысында Президент орталығының архив қорынан – фотосуреттер, құжаттар және деректі фильмдерден үзінділер көрсетілді. Президент орталығының осындай мәдени-ағартушылық іс-шаралары өскелең ұрпақтың бойында өз елінің тарихи мұрасына деген қызығушылығы мен құрметін қалыптастыруға септігін тигізеді.