Ел тынысы

Астана су қоймасы алғаш рет тазартылып жатыр

Президент тапсырмасына сәйкес Астана су қоймасының түбі тазартылып жатыр. Ауқымды тазарту жұмыстары нысан іске қосылған 55 жылда алғаш рет қолға алынып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Оған сағатына 2 мың текше метр шөгінді шығаратын жерснаряд және қуаты 900 текше метр болатын көпфункционалды техника жұмылдырылған. «Тазарту жұмыстарынан соң гидронысанның сыйымдылығы 47 млн текше метрге артады», дейді мамандар.

Жалпы биыл Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған. Кешенді шара қазан айына дейін жалғасады. Астана су қоймасы 1970 жылдан бері елорда тұрғындарын ауызсумен қамтып отыр.

– Cу ресурстары және ирригация министрлігінің арқасында 2 жерснарядты жұмысқа қосып жатырмыз. Міне, мынау тұрған дизельдік жерснаряд. Сағатына 2 мың текше метр құм, лай тазалайды. Енді 55 жылда көп жиналған ғой. Екіншісі кішкентай. Сағатына 900 текше метр. Бұл үлкеніне алдын ала дайындап береді, – дейді «Қазсушар» кәсіпорны Ақмола облыстық филиалы Астана су қоймасы бөлімшесінің басшысы Серік Салтенов.

«Президенттің тапсырмасын орындау үшін арнайы мамандар тобы құрылды. Барлық қызметкер арнайы техникамен жұмыс істеу үшін қажетті оқытудан және дайындықтан өтті. Астана су қоймасы – елорданы сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын стратегиялық нысан. Заманауи техниканың арқасында біз бұл су қоймасын жарты ғасырдан кейін алғаш рет тазартып, жұмысты жақсы әрі тиімді атқара аламыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button