Қоғам

«Астана салауатты болашақ үшін» байқауы өтеді

Елордада «Астана салауатты болашақ үшін» атты байқауы өтеді. Байқаудын мақсаты —
қаладағы есірткіге қарсы күреске арналған үздік жобалар мен бастамаларды қолдау, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқауға Астанада тұратын немесе оқитын белсенді волонтерлер, волонтерлік ұйымдар, жастар бірлестіктері және бастамашыл топтар, 13 жастан асқан оқушылар қатыса алады.

Қатысу жеке немесе командамен (5 адамға дейін) мүмкін.

Қажетті құжаттар:
— Жоба атауы;
— Мақсаты мен міндеттері;
— Нысаналы аудитория;
— Проблеманың қысқаша сипаттамасы;
— Ұсынылған шаралар;
— Күтілетін нәтижелер.

Өтінім жіберу: ddemey@bk.ru
Өтініш формасы:
1. Толық аты-жөні;
2. Жұмыстың атауы;
3. Байланыс мәліметтері.
Дені сау болашақ үшін бірге атсалысайық! 🌟✨
Барлық сұрақтар бойынша: 87772613869.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button