Қоғам

Астана қалай құлпырып жатыр

Көктем мезгілі басталғалы бері Астанада республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауқымды экологиялық науқан өтіп жатыр. Іс-шаралардың басты мақсаты – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру және көгалдандыру. Санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары елорданың барлық алты ауданында жүргізіліп жатыр. Бұл бастамаға қала тұрғындары, еріктілер, кәсіпорындар, еңбек ұжымдары, мәдениет пен спорт өкілдері, ПИК (МИБ), мемлекеттік органдар және т.б. белсенді түрде атсалысуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция барысында 31 мыңнан астам аула тазартылды: көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке сектор аумақтары қамтылды. Сондай-ақ, 200-ден астам саябақ пен сквер, 84 тарихи-мәдени нысан, 50-ден астам субұрқақ пен 114 мың шақырым арық жүйесі ретке келтірілді.

Қала көшелері мен аулаларында жалпы аумағы 33 800 шаршы метр тротуарлар, тас төсеніштер мен плиткалар жөнделіп, жаңартылды. Шамамен 6 мың тонна тұрмыстық қалдық сыртқа шығарылды.

Көктемгікезең басталғалы бері экологиялық акцияға 230 мыңнан астам қала тұрғыны, 14 мыңнан аса ұйым мен кәсіпорын, сондай-ақ 5 260-тан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, қала тұрғындарынан «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы – @TazaQazBot арқылы өтініштер белсенді түрде қабылданып жатыр. Тұрғындар көбінесе абаттандыру, жарықтандыру, жолдар, көгалдандыру және рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындарға қатысты мәселелер туралы хабарлайды. Бұл платформа жедел кері байланыс орнатып, түйткілді мәселелерді жедел шешуге көмектеседі.

Еске сала кетейік, 5 маусымда елордада Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтеді. Осы маңызды күндерге орай мектеп оқушылары мен жастарға арналған танымдық және шығармашылық іс-шаралар – байқаулар, экскурсиялар, экологтармен кездесулер және жазғы лагерь форматындағы табиғат аясында экосабақтар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, қоғам белсенділерінің, еріктілер мен жастардың қатысуымен «Таза Қазақстан – таза болашақ» бірыңғай бренді аясында флешмобтар мен челлендждер өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button