Қоғам
«Астана – озық идеялар ордасы»

Астана жыл сайын қарыштап дамып келеді. Мүмкіндікке толы шаһарда озық идеялар жүзеге асуда. Осыған орай «Астана – Озық идеялар ордасы» деректі фильмі жарық көрді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл фильмде елорданың инновациялық жобалары мен заманауи келбеті көрсетіледі. Ел астанасының сәулет өнері, «ақылды қала» жүйелері, жасыл энергия, инвестиция тарту, қауіпсіздік пен урбанистикадағы жаңашыл шешімдер кеңінен қамтылған.
«Астана – Озық идеялар ордасы» – елорданың тек ел жүрегі ғана емес, болашақтың бастау нүктесіне айналғанын дәлелдейтін фильм.



