«Астана Опера» театрының Павлодардағы қойылымын 2000 көрермен тамашалады

«Астана Опера» театрының Павлодар қаласындағы гастролі жоғары деңейде өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Елордалық театр ұжымының бағдарламасын шамамен 2000 көрермен тамашалады.
Естай атындағы қалалық Мәдениет сарайының сахнасында павлодарлық көрерменге Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсы ұсынылды. Қойылымға театрдың солистері, оркестрі, хоры және миманс әртістері қатысты.
Гастрольдік бағдарлама аясында балалар мен жасөспірімдер аудиториясына ерекше көңіл бөлінді.
Жас көрермендер үшін «Музыка сурет салып, әңгімелейді» циклынан интерактивті форматта танымдық концерт өтті. Қатысушылар әлемдік және қазақ музыкалық классикасының туындыларымен танысты.
Концертте Халық әні «Аққурай», Латиф Хамидидің «Бұлбұл» шығармасы, Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйі, сондай-ақ Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әні шырқалды. Осылайша, гастрольдік сапар аясында академиялық өнер мен оның ағартушылық мәні және ұлттық музыкалық мұра кеңінен дәріптелді.
Іс-шара аясында Мәдениет сарайының фойесінде тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылды.



