Қоғам

«Астана Опера» оркестрінің скрипкашысы Италияда өнер көрсетті

Италияның Камольи қаласында «Астана Опера» театры оркестрінің скрипкашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов өнер көрсетті. Камольи әлеуметтік театрында өткен концерт италиялық көрерменнің көңілінен шықты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Генуядағы «Карло Феличе» театры оркестрінің сүйемелдеуімен, маэстро Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен қазақстандық музыкант неміс романтизмінің ең әйгілі туындыларының бірі — Макс Брухтың Скрипка мен оркестрге арналған №1 соль минор, op. 26 концертін орындады.

Бағдат Әбілханов Италияға сапарын өзінің шығармашылық жолындағы маңызды белес әрі қазақ өнерін халықаралық сахнада танытуға зор мүмкіндік екенін атап өтті. Сонымен қатар маэстро Джузеппе Акуавива мен «Карло Феличе» театрының оркестріне кәсіби серіктестік пен шығармашылық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Бұл концерт қазақстандық музыканттардың жоғары кәсіби деңгейін және Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін айқын көрсеткен маңызды мәдени оқиға болды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button