Мәдениет

«Астана Опера» Оманда «Коппелия» балетін сахналайды

«Астана Опера» мемлекеттік театры Таяу Шығыстағы ең ірі мәдени орталықтардың бірі – Маскат Патшалық опера театрында өнер көрсетеді. Ролан Пети қойған танымал «Коппелия» балетінің қойылымдары 4 және 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және омандық тараптың арнайы шақыртуымен өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Декорациялар мен костюмдер Маскат қаласына жөнелтілді. Бірақ балет труппасы елордада Алтынай Асылмұратованың  жетекшілігімен дайындықтарын жалғастырып жатыр. Қойылымда маэстро Руслан Баймұрзин дирижерлік етеді.

Ролан Петидің «Коппелия» балеті бірегей хореографиясымен, романтикалық сюжетімен және комедия элементтерімен ерекшеленеді. Бұл балет театр репертуарындағы ең танымал қойылымдардың бірі.

4 желтоқсанда сахнаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бақтияр Адамжан, Әйгерім Бекетаева және Олжас Тарланов шығады.

5 желтоқсанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Еркін Рахматуллаев, Рүстем Сейтбеков және Шұғыла Әдепхан өнер көрсетеді.

Маскаттағы гастрольдер Қазақстан мен Оман арасындағы мәдени ынтымақтастықтың дамуына үлес қосары сөзсіз. Бұл гастроль қазақстандық өнердің халықаралық кеңістікте кеңінен танылуына және Таяу Шығыс көрерменіне ұлттық балет мектебінің жоғары деңгейін танытуға мүмкіндік береді.

«Астана Операның» шетелдік гастрольдері әрдайым үлкен қызығушылық тудырып, мәдени байланыстарды нығайтуға әрі еліміздің халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button