Қоғам

Астана мектептерінде жазғы лагерьлер ашылуда

Елордадағы №49 мектеп-гимназияда жазғы лагерьлердің ашылу салтанаты өтті. 1-4 сыныптар үшін «Айгөлек» жазғы лагері, ал 5-7 сыныптар үшін «Yurtlife» жаздық киіз үй лагері ұйымдастырылуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Балалар үшін бұл күн ерекше қуанышты, есте қаларлық күн болды. Оқушылар тәттіге тойып, ерекше шаттыққа бөленді. Киіз үйде әжелер тек жүн түтіп қоймай, ұлттық дәстүр туралы қызықты әңгімелер айтып, бата берді.

Технология пәні мұғалімдері арқан өріп, балаларға шеберлік сағаттарын өткізді және қазақ халқының түрлі қолөнерін таныстырды. Екі көңілді қонжық (аниматорлар) балаларды таңқалдырды, олармен бірге ойнап, күлкіге қарық қылды. Қыздарға бауырсақ пісіру жолдары үйретілді. Бұл күні түрлі ойындар ойнатылып, әндер айтылды, Күй шертіліп, мерекелік көңіл-күй орнады.

Лагерьлердің 1-кезеңі 2-16 маусым аралығында өтсе, 2-кезеңде балалар лагерьге 16- 27 маусым аралығында барады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button