Ел тынысыСаясат

Astana Invest фронт-офисінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов басқарма қызметкерлерімен жаңа Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында Халел Әкімжанов жаңа Конституцияның нормалары мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және бизнес пен инвестиция үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ цифрландыру, инновация және жасанды интеллектіні енгізу мәселелері экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторлары ретінде қарастырылатынын айтты.

Кездесу қорытындысында қызметкерлерге реформаның мәнін толық меңгеру және оның негізгі қағидаттарымен жүйелі түрде танысудың маңыздылығы жеткізілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button