Қоғам

Астана гарнизонының әскери бөлімдері арасында мини-футбол турнирі өтті

Елордада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімі командирінің Кубогіне арналған Астана гарнизоны әскери бөлімдері арасындағы мини-футбол турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.⏺

Турнирге Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметі, Астана қаласы бойынша Шекара бақылау басқармасы, сондай-ақ «Гвардеец» құрама командасы қатысты. Барлығы 12 команда өзара бақ сынады.

Жарыстың қорытындысына сәйкес жеңімпаздар келесідей анықталды:
🥇

I орын — 3656 әскери бөлім командасы
🥈

II орын — 5573 әскери бөлім командасы
🥉

III орын — 6636 әскери бөлім командасы

Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:
🧤

Үздік қақпашы — аға сержант Тимофей Кифору (3656 әскери бөлімі)
⚽️

Үздік шабуылшы — майор Нұрлан Ибрагимов (5573 әскери бөлімі)
🛡

Үздік қорғаушы — Нұржан Өтегенов («Гвардеец»)

Үздік бомбардир — қатардағы Сұлтанбек Кучкаров (3656 әскери бөлімі)
⭐️

Турнирдің үздік ойыншысы — қатардағы Аңсар Игенов (3656 әскери бөлімі)

Турнир әскери қызметшілердің спорттық шеберлігін арттырып, бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға мүмкіндік берді. Осындай жарыстар жеке құрамның жігерін, табандылығын және жоғары нәтижеге деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button