Қоғам

«Астана – есірткісіз қала»: жастар арасында кикбоксингтен турнир өтті

«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында Астананың «Aspan» спорт кешенінде жастар мен кадеттер арасында ашық кикбоксинг чемпионаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнирді қалалық Полиция департаменті мен департамент жанындағы Есірткі қылмысын болдырмау жөніндегі кеңес мүшелері бірлесіп ұйымдастырды.

Жарыстың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі мен зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ кикбоксингті көркем, тиімді жекпе-жек спорты ретінде танымал ету.
Турнирге 250-ден астам жас кикбоксер қатысты.

«Чемпионат ашық мәртебеге ие – астаналықтардан бөлек, Ақтау, Көкшетау, Қостанай, Щучинск, Атбасар қалаларынан қонақтар келді. Турнир өте қызықты болды, әрбір қатысушы жеңіске ұмтылады», – деді жарыстың бас төрешісі, Астана кикбоксинг федерациясының вице-президенті Ернар Омаров.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button