Астана цифрландыру көшбасшысы болады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында: «Биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады» деп нақты айтты.
Жасыратыны жоқ, Мемлекет басшысының осы сұқбатын тосып жүрдім. Жыл басы болғандықтан күзгі жолдаудан кейін елдің алдағы даму жолын тағы да бір айқындап қойған жақсы үрдіс. Оған қоса биыл халықтың әлеуетіне әсер ететін біршама кодекстер мен заңдар күшіне енді (Салық кодексі, Құрылыс кодексі, Банктер және банк қызметі туралы заң және тағы басқа).
«Биыл саяси өзгерістердің жаңа кезеңі басталады, экономикалық реформалар жалғасын табады» деп Мемлекет басшысы сұхбатында атап өтті.
Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы ретінде біздің құзырға жататын цифровизация мәселесі туралы пікірімді білдірсем деп едім.
Осы жылды Президент Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағандықтан Астана қаласының әкімшілігі мен мәслихаты елорданың цифрландырудан мемлекетте көшбасшы болуына жете көңіл бөлуде.
Президенттің «Smart City» жобасы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) озық тәжірибесін енгізу жөніндегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы 14 ақпанда «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Астана Innovations» акционерлік қоғамы және жеке әріптес – «Presight AI Ltd» компаниясы арасында «Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқару шешімі» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын іске асыру туралы шартқа қол қойылды.
Қазіргі уақытта аппараттық-бағдарламалық кешенінің ескі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында құрылған инфрақұрылым жеке әріптеске табысталды.
Биыл Ахуал орталығының құрылысы аяқталады.
100 серверлік тіреуі бар деректерді өңдеу Орталығын да іске қосамыз.
20000-нан астам интеллектуалды бейнекамера орнатылып жатыр.
МЖӘ жобасының нысандарын өндірістік пайдалануға беру 2026 жылы жоспарлануда.
Кендебай АДАМБЕК,
Астана қалалық мәслихатының депутаты



