Қоғам

Астана – Бурабай бағытында тағы бір электр пойызы қатынайтын болды

Туристер арасында танымал бағыттардың көлік қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-1 – Бурабай курорты» бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызын жолға шығарды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Электр пойызы әр сәрсенбіде қатынайды.

Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабай станциясына жетеді. Кері бағытта пойыз 14:15-те жолға шығып, 17:00-де Астанаға оралады.

— Пойыз құрамында 4 вагон бар. Жолаушылар үшін 1, 2 және 3-сыныптағы қызмет көрсету түрлері қолжетімді. Вагондар кондиционерлермен, ауа тазарту жүйесімен, биоәжетханалармен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындармен, ыңғайлы орындықтармен, велосипед қоятын орындармен және Vputi.kz медиапорталына қолжетімді тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған, — делінген хабарламада.

Қала маңы бағытындағы жолаушылар пойызына билеттерді жөнелтуге 10 күн қалғанда сатып алуға болады.

Еске салсақ, осыған дейін Бурабай бағытында «Burabay Express» жаңа электрпойызы іске қосылған болатын. №888/887 «Burabay Express» Comfort+ жаңа буын электрпойызы мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған USB қосқышымен жабдықталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button