Мәдениет

«Астана Балет» театрында — «Қос кілем» балеті

17-18 қазанда «Астана Балет» театрының сахнасында екі актілі «Қос кілем» балетінің премьерасы өтеді. Бұл ширван кілемі туралы ежелгі Әзербайжан аңызының негізінде жасалған көркем туынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл оқиға көрермен қауымды кілем өрнегі өмір шежіресіне айналып, әр иірімі тағдыр мен сезім атаулыны қызғыштай қорыған әлемге жетелеп әкетеді. Оқиға өзегі – балалық шақта пайда болып, түрлі сынақ, соғыс пен айырылысуға қарамастан өшпеген махаббат сезімі. Уақыт пен бір-бірінен көз жазып қалу, мұң мен үміт астасқан сынақтарға мойымай, кейіпкерлер қайта табысып, ал осы қиын жолды өздерімен бірге өткен кілем олардың адалдығының символына айналады.📌

Либретто әрі жобаның идеясының авторы –Валерий Копейкин. Қоюшы-режиссер әрі хореограф Александр Могилев эпикалық баяндауды күрделі пластикалық тілде жеткізе білді. Осы балет үшін арнайы музыкалық партитураны композитор Арсений Смирнов шығарды. Спектакльдің көркем бейнесін жасаған Анастасия Капустина, костюм суретшісі Игорь Чапурин, ал сандық графика мен анимацияны Александра Артамонова жүзеге асырды.

Қойылым бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі «Астана Балет» театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

«Қос кілем» балеті – жай ғана сахналық туынды емес, Шығыс пен Батысты, дәстүр мен қазіргі заманды, махаббаттың мәңгілік тақырыбын және адам жадының шексіз күшін байланыстыратын эпикалық баян.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button