Қала мен сала

Астана – «Ақылды қала»

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға арналған жиында Үкімет пен Астана қаласы әкімдігінің елордада «Ақылды қала» ауқымды жобасын жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

Руслан Желдібай Президент «Ақылды қала» жобасын Қазақстанның барлық ірі қаласында жүзеге асыруды міндеттегенін және бұл жобаны ресми түрде іске қосу желтоқсан айына жоспарланғанын айтты.

«Президент бұл тәжірибені Қазақстанның барлық ірі қаласына таратуды міндеттеді. Сонымен қатар елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту айрықша маңызға ие екенін ескере отырып, Үкіметті формализмнен аулақ болуға шақырды. Мемлекет басшысы жасанды интеллект құралдарының экономиканың нақты секторына енгізілуі баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Осы орайда Үкіметке жұмысты жедел қолға алуды тапсырды» деп жазды Р.Желдібай.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button