Шартарап

Астана алғаш рет IBTM World халықаралық көрмесіне қатысуда

Астана алғаш рет іскерлік туризм мен инвестициялар саласындағы әлемдегі жетекші халықаралық көрме – IBTM World-қа қатысуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара 2025 жылғы 18–20 қараша күндері Барселона қаласында өтуде.

IBTM World – конференциялар, іскерлік кездесулер, инсентив-турлар және өзге де корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру саласында келісімдер жасалатын, серіктестік байланыстар орнатылатын және саланың негізгі трендтері айқындалатын жаһандық алаң. Жыл сайын бұл көрме 150 елден 15 000-нан астам сала маманын біріктіреді.

Астана көрмеде қаланың заманауи инфрақұрылымын, әлемдік деңгейдегі халықаралық орталықтарын және ауқымды іс-шараларды ұйымдастырудағы кәсіби әлеуетін көрсететін ұлттық стендпен таныстырылып отыр.

Visit Astana және Visit Almaty өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның жетекші туроператорлары стендте елдің туристік мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынып жатыр. Көрме қонақтары Қазақстанның бай мәдениетімен, MICE туризмінің мүмкіндіктерімен, туристік бағыттарының алуан түрлілігімен және бірегей мәдени іс-шараларымен танысуға мүмкіндік алды.

«Astana Tourism» командасы IBTM World алаңында белсенді түрде B2B-кездесулер өткізіп, Астанаға перспективалы MICE бағыт ретінде жоғары қызығушылықтың байқалғанын атап өтуде. Бұл көрме жаңа жобалар мен халықаралық әріптестерді тартуға беретін мүмкіндіктерімен ерекше», – деді MICE департаментінің директоры Данияр Құрманбаев.

Астананың IBTM World көрмесіне қатысуы – жоғары табысты туристерді тартуға, шетелдік инвестицияларды арттыруға және қаланың Еуропа мен Азияны жалғаған қарқынды дамып келе жатқан іскерлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам болып табылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button