Ел тынысыСаясат

Ассамблея жастары үндеу қосты

Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төралқа отырысы өтті.

Жиын онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылып, оған ұйым мүшелері мен өңірлік өкілдіктер Zoom платформасы арқылы қатысты.
Отырысты «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Тимур Джумурбаев ашып, жаңа Конституция жобасы жастарды шешім қабылдау үдерістеріне кеңінен тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ал, студенттік Ассамблеялар төрағасы Александр Урмашов студенттік қауымдастықтың ұстанымын білдіріп, конституциялық бастамаларды жастар арасында талқылау саналы азаматтық көзқарасты қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілікті арттыратынын айтты. Осы бағыттағы пікірді «Ассамблея жастары» РҚБ Павлодар облысындағы өкілдігінің төрағасы Рамиль Смаилов та қолдап, жастардың белсенді қатысуының маңызын атап өтті.

Жиында негізгі қоғамдық-саяси реформаларды талқылау барысында жастардың әртүрлі топтарының пікірін ескеруге мүмкіндік беретін ашық пікірталастар мен инклюзивті өзара іс-қимыл форматтарының маңызына ерекше назар аударылды.
«Ассамблея жастары» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің төрағасы Элгун Джаналиев өз сөзінде өңірлік жастар құрылымдарының құқықтық диалог мәдениетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

– Конституция – мемлекеттің негізі. Сондықтан оған енгізілетін өзгерістер қоғам сұранысы мен заман талабына сай болуы тиіс. Соның ішінде экология мәселесі ерекше маңызды. Конституциядағы экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауға қатысты нормалардың күшеюі – мемлекеттің болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігінің көрінісі. Табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жастардың рөлі айрықша, – деді ол.

Отырыс қорытындысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдіріп, жастар ұйымдарының оны қоғамдық талқылауға белсенді қатысуы, негізгі ережелерін түсіндіруі және бірлік, келісім мен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын ілгерілетуі қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, жиын соңында жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған «Ассамблея жастары» РҚБ-ның үндеуі қабылданды.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button