Ел тынысы

Ашық вагондар паркі жаңартылуда

«Қазтеміртранс» АҚ вагон паркін жаңарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Соңғы үш жыл ішінде компания отандық өндіруші – «Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС-нен (КВК) шамамен 3 мың жартылай вагон сатып алды. Ал алдағы бес жыл ішінде отандық өндірушіден тағы 13 мыңға жуық жүк жартылай вагонын сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл ел ішінде әлеуметтік маңызы бар жүктерді (көмір, қиыршық тас, құрылыс материалдары) және экспорттық коммерциялық жүктерді уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Компания тұрақты өзара әрекеттесу моделін қалыптастыруда:
отандық оператор — отандық өндіруші — отандық тұтынушы.

Қазіргі уақытта «Қазтеміртранс» АҚ-ның жартылай вагондар паркі шамамен 29 мың бірлікті құрайды. Оның ішінде 24 мың жартылай вагон ішкі республикаішілік жүктерді — негізінен көмір мен қиыршық тасты тасымалдауға бекітілген. Ал 5 мың вагон экспорттық тасымалдарға тартылған.

Бұл ретте аталған вагондардағы тасымалдарды ұйымдастыру мәселелері жүк жөнелтушілер мен жылжымалы құрам операторлары арасындағы шаруашылық-құқықтық қатынастар аясында реттеледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button