Арзан бағаға алданба

Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері тұрмыстық техника сататын дүкендердің бірінде жұмыс істейтін 27 жастағы ер азаматты ұстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Тергеу барысында күдіктінің дүкенге келген сатып алушыларға «тауарды өз бағасынан төмен бағада алып беремін» деп сендіріп, олардың ақшасын жеке шотына аудартқан. Алайда ол уәде еткен тауарды жеткізбей, қаражатты өз пайдасына жаратқан.
Полицияға бірнеше жәбірленушіден арыз түскен. Қазіргі таңда күдіктінің 4 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Бір жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 80 мың теңгеден астам соманы құрайды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілердің кейбіріне келтірілген шығынды өтеді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері азаматтарға интернет арқылы немесе жеке тұлғалар арқылы тауар сатып алу кезінде сақ болуды ескертеді. Төлем жасау алдында сатушының сенімділігіне көз жеткізіп, ақшаны тек ресми жолмен төлеу қажет. Бейтаныс адамдардың «арзан бағада алып беремін» деген уәделеріне сенбеу керек.



