Қоғам

Армрестлингтен STUDENT CUP турнирі өтті

Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттер арасында армрестлингтен STUDENT CUP қалалық турнирі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жарыс Қазақ технология және бизнес университетінде ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ есірткіге байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу.

«Оң қол бойынша өткен армрестлинг турниріне елорданың жоғары оқу орындарынан 120-дан астам студент қатысып жатыр. Жалпы STUDENT CUP аясында 11 спорт түрінен жарыс өткізу жоспарланған. Бұған дейін үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және асық ату бойынша турнирлер өткен.

Алдағы уақытта ұлдар мен қыздар арасында волейбол және стритбол жарыстары, сондай-ақ футзал мен гір спортынан сайыстар ұйымдастырылады», – деді Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шаралар дирекциясының спорт инструкторы Дәулет Хамзин.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button