Әлеумет

«Армандар әлемі» есігін айқара ашты 

Бүгін Есіл ауданындағы «Керуен» сауда орталығында «Армандар әлемі» атты ерекше «Тілек ағашы» орнатылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мейірімділік пен қайырымдылықты дәріптеуге бағытталған бұл ағаш бұтақтарына балалардың тілектері жазылған QR-кодтар ілінген. Оны сканерлеу арқылы кез келген адам Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан балалардың тізімімен танысып, бір баланың арманын орындап, сыйлық сыйлай алады.

Акцияның басты мақсаты – қоғамды өзара көмек пен қамқорлыққа шақыру екенін айтады ұйымдастырушылар. «Мұндағы әрбір орындалған тілек балаға қуаныш сыйлап қана қоймай, оның жақсылыққа деген сенімін арттырады. Сондай- ақ, Цифрландыру жылы аясында жоба биыл жаңа форматта жүзеге асуда. Бұрын тілектер қағазға жазылып ілінсе, қазір олар заманауиластырылып QR-код арқылы ұсынылып, қайырымдылыққа қатысуды барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етті», дейді ұйымдастырушы Есіл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Құралай Серікқызы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button