Руханият

«Архив және болашақ ұрпақ»

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «ҚР Ұлттық архиві» РММ-і «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы негізінде «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс шараның мақсаты — тұғырлы тұлғалар мен қазақ халқының төл тарихына қатысты құнды құжаттарды ұрпақтар санасында жаңғырту, сондай-ақ еліміздің тарихы мен мәдениетін білуге ынталандыру арқылы жастардың патриоттық сезімін ояту.

Ашық есік күні аясында саяси қуғын-сүргін, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы еліміздің тарихынан сыр шертер көрме ұйымдастырылады. Сонымен қатар көрмеге жеке тек қор иелері профессор, медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Батпеновтің, ғалым, этнограф, профессор Әлкей Марғұланның құнды қолжазбалары қойылады. Бұдан бөлек сканер технологиясын қолдану арқылы  құжаттарды цифрлау жұмыстарымен таныстыру, әдеби викториналар мен интелектуалды ойындар өтеді.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басшылығы, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері, Астана қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінің, мектеп-лицейлердің оқушылары мен Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Халықаралық университеті студенттері, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button