Қоғам

Архив – тарихтың дереккөзі

Астана қаласы Мемлекеттік архивінің бастамасымен «Архив және ақпарат кеңістігі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға елордадағы БАҚ өкілдері мен архив қызметкерлері қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – архив пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, қоғамға архив құжаттары арқылы шынайы тарихи деректерді жеткізу, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

– Бұл басқосуды архив ісінің ашықтығын арттыру, цифрлық ақпарат кеңістігінде архивтердің рөлі туралы пікір алмасуға арналған маңызды алаң деп есептеймін. Бүгінде архив тек құжат сақтайтын орын ғана емес, ол – тарих пен болашақтың алтын көпірі, мемлекеттің жады, қоғамның мәдени коды, азаматтың құқығын дәлелдейтін сенімді дереккөзі. Сол себепті ақпарат дәуірінде архивтердің маңызы артып келеді. Сондықтан біз БАҚ өкілдерімен арадағы ынтымақтастықты аса маңызды деп санаймыз. Сіздер халық пен билік арасындағы көпірсіздер. Архив ісінің қоғамдағы орнын, оның маңызын түсіндіруде еңбектеріңіз зор. Бірлескен жұмыс арқылы біз архив саласын танымал етіп, құнды мұраны келешек ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды істер атқара аламыз деп ойлаймын, – деді Астана қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Жанкелді Бимолдин.

Жиын барысында архивпен тығыз байланыс жасап жүрген журналистерге алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етілді. БАҚ өкілдері мен архив қызметкерлері өзара пікір алмасып, архив деректерін тиімді пайдалану жолдарын ортаға салды. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға архив мамандары жан-жақты жауап беріп, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниет білдіріп тарқасты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button