Ардагер апаларға құрмет

Халықаралық әйелдер күні көктемнің сиқырлы жұпар иісімен, тамаша көңіл күймен және қызықты кездесулермен ерекшеленеді. Нәзік жандар мерекесінен кейін жаңа Конституция жобасын талқылауға қатысқан ардагерлер қозғалысының белсенділері 15 наурызда республикалық референдумға барады. Елдегі үлкен өзгерістер қарсаңында өткен аудандық есеп беру-сайлау конференцияларында қалалық Ардагерлер кеңесі ХІІ конференциясына мандат алған белсенділер конференция жұмысының нәтижелі өтуіне септігін тигізді.
Биыл Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қалалық ардагерлер ұйымының 35 жылдығымен тұспа-тұс келуде. Қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов аталған жиында жасаған баяндамасында аудандық ардагерлер кеңестерінің, бастапқы ардагерлік ұйымдардың, тұрақты комиссиялардың, медиатоп төрағаларының жұмысын ерекше атап өтті. Олардың қатарында Шәрипа Үстемірова, Уляш Құсайынова, Майра Қоразова, Мәнуар Жақыпова, Күлзира Ысқақова, Нелли Шиврина, Раиса Ағыбаева бар. Ал Фаина Шкурко бар өмірін партия-кеңес және қоғам жұмысына арнады. Журналист Татьяна Левченко шамамен 20 жыл бойы ардагерлер қозғалысына адал қызмет етіп келеді. Астана қаласы Алматы ауданының «Әл-Фараби-2» бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Галина Карпова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының 30 жылдық мерейтой медалімен марапатталды. Бастауыш ардагерлер ұйымы үздіктерінің бірі, Астана қаласының құрметті азаматы Нелли Шиврина 10 жыл бойы мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізіп, ескерткіштерді қорғау бойынша тұрақты комиссия төрайымының міндетін атқаруда.
Ардагерлер құрған халық ансамбльдерінің саны жыл сайын артып келеді. Жоғары деңгейде өнер көрсету, сахнада жарқырау үшін тек талант пен батылдық жеткіліксіз, сонымен қатар табанды түрде жаттығу керек. «Халық» атағын иеленген «Ветеран» хоры (жетекшісі Галина Аксенова), «Әжелер шаңырағы» (жетекшісі Күләш Қосбармақова), сондай-ақ гран-при лауреаты – «Әдемі» ансамблі талант пен қажырлы еңбектің арқасында биіктен көріне білді. Ардагерлер халық әуендерін, ретро әндерді насихаттайды. «Ардагер көктемі» байқауының лауреаттары арасында «Есіл толқындары» халық хоры, «Қыздар-ай» би ансамблі, «Сағыныш сазы» ансамблі, «Березка» вокал тобы, «Әдемі» ардагерлер ансамблі бар.
Бастамашыл ардагер Мәдина Мұрзабекова, Ольга Аушева, Гүлбадан Қуанышбаева, Ғалия Балтабай, Анисия Цой, Қарлығаш Құспан, Күләш Молдахметова, Баян Бұлғақбаева, Ұрқия Ақышева, Тания Татиева, Роза Елубаева, Әмина Жоламанова, Гүлнәр Беспалинова, Қарлығаш Ахметова, Александра Хрущева және басқа да көптеген құрметті нәзік жанды ардагерлер құрметке лайық.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының тәжірибелі менеджерлері Жанар Есенаманова, Роза Байсалбаеваның ерен еңбегін ерекше атап өтеміз. Ұзақмерзімді жобаларға жауапты қалалық Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Салтанат Меңлібаева, кеңесшілер Жұмағайша Ақбергенова, Сәуле Махметова мен Айгүл Айбасова ана, әже ретінде өз борыштарымен қатар, қоғамдық жұмыстарды да абыроймен атқаруда.
Астана қалалық
Ардагерлер кеңесі



