Мәдениет

Ақжолдың арнайы жүлдесі

Ақтөбе қаласында қазақтың тұңғыш барды Табылды Досымов атындағы «Сәйгүлік» атты ІІІ республикалық байқау өтті. Оған қатысқан Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының актері Ақжол Амантай арнайы жүлдеге ие болды.

Актер өткен жазда ғана аталмыш өнер ошағында премьерасы өткен «Сәйгүлік» музыкалық драмасында Табылды бейнесін сомдап, көрермендерді тәнті еткен еді. Спектакльді өзіміз де тамашалап, Табылды тіріліп келгендей күй кешкен едік. Бұл әртістің өзіне бекітілген кейіпкерін бойына сіңіргендігінен болар. Міне, Табылды тұлғасына байланысты тағы да бір жетістікке жетіп отыр. Бірнеше күн бұрын ғана осы театрдың жаңа маусымы ашылды. «Сәйгүлікті» көрермендер 14 қыркүйек күні тамашалай алады.

Ал 12-17 қыркүйек күндері Талдықорған қаласында Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғыз­станның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бикен Римова атындағы «Biken» атты ІІІ халықаралық театр фестивалі өтеді. Оған Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры «Чарли Чаплин» қойылымымен қатысады. Жеңіс тілейміз!

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button