Білім
Ақылды шлагбаум

Елордадағы №111 жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Әлихан Төлебай ардуино негізіндегі «Ақылды шлагбаум» ойлап тапты.
Ол уақытты үнемдеп, қауіпсіздікті арттырады. Жас өнертапқыштың өз қолымен құрастырған инновациялық жобасының пайдасы мол. Оның ерекшелігі – шлагбаумға көлік жақындаған сәтте жүйе оны автоматты түрде таниды және кедергіні көтеріп, жүргізушінің бөгетсіз өтуіне мүмкіндік береді. Оқушының айтуынша, бұл оқу орны – ауласына, тұрақтарға және жеке аумақтарға кіруді бақылауда өте тиімді шешім.



