Ел тынысы
Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады

Еліміздің транзит әлеуетін арттыру үшін Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Президенттің логистика саласындағы түркиялық жетекші компания өкілімен кездесу нәтижесі жөнінде пікір білдіріп, екі жақты бірлескен компаниялар Ақтөбе әуежайында логистикалық хабті салатынын жеткізді. Бұл жоба келесі жылы аяғына дейін іске қосылады, Хаб еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, қазақ-түрік арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.