Ел тынысы
«Ақорданы аралау бала күнгі арманым еді» — Олимпиада чемпионы

Олимпиада чемпионына еліміздің бас резиденциясына экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров резиденция қабырғасындағы эксклюзивті экскурсиядан алған әсерімен бөлісті.

«Ақорданы аралау бала күнгі арманым еді», — деді ол.
ҚР Президентінің телерадиокешені осы тарихи сәттің атмосферасын және триумфатордың шынайы эмоцияларын түсірді.
Айта кетейік, Ақордада XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров пен оның тәлімгерлерін марапаттау рәсімі өтті.



