Ақиық ақынға арналды

Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №3 көпшілік кітапханасы, «Наз» мемлекеттік би театры және «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бірлесе отырып, қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған музыкалық әдеби-танымдық кеш өткізді.
Рухани кеш барысында ақынның жүрек тербеген жырлары оқылып, өлеңдеріне жазылған әсем әндер шырқалды. Мұқағали поэзиясы арқылы көрермендер туған жерге деген махаббатты, адамгершілік пен өмірдің терең мәнін тағы бір мәрте сезінді.
Шара аясында №3 көпшілік кітапханасының маманы А.Батырова «Поэзия алыбы – Мұқағали» тақырыбында орталық қызмет алушыларына арнап мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған еңбектер ұсынылып, қатысушыларға рухани тағылым сыйлады.



