Қоғам

Аналар белсенділігі – басты назарда

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Әрекет алаңы» жобасы аясында және Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының  XXIII сессиясына орай кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Отбасы және ата-ана мәдениеті институтын нығайту, әйелдердің көшбасшылығы мен қоғамдық белсенділігін дамытуға бағытталған бас­тамаларды қолдау жиынның басты тақырыбы болды. Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тәңірбергенова бүгінгі іс-шара алғашқы рет ұйымдас­тырылып отырғанын және оның мән-маңызы жоғары екенін айтып өтті. Қатысушылар әділетті әрі тұрақты қоғам құрудағы әйелдердің рөлі туралы Inspirational Talks форматында пікір алысып, отбасылық құндылықтарды нығайту мен азаматтық қоғамды дамыту мәселелерін талқылады.

Жиында Аналар кеңесі, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссия, Amanat партиясы Астана қалалық филиалының әйелдер қанаты, Әлеуметтік инноваторлар қауымдас­тығы, «Creative & Innovation Institute» Орталық Азияның орнықты даму Қоғамдық қоры, «Қазақстан психологтар Одағы» ЖКмЗТБ, «Ұлт қазынасы» ҚБ, бірлескен жағдайда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл алдағы уақыттарда нақты келісімдерге, жобаларға және бастамаларға негіз болмақ.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы – түрлі форматтағы диалогқа кең мүмкіндіктер беретін берекелі алаң» деп атап өткен Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова өз сөзінде, «қала деңгейінде бейбітшілік пен келісім идея­ларын ілгерілетуде халық қалаулыларының әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін тағы бір маңызды ресурс ретінде маңыздылығына тоқталды. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұралы Айдашев, бүгінгі күннің толғақты мәселелерінің бас­ты сұрақтарына жауап беріп, оларды жоғары деңгейде көтеріп, талқылайтын, шешім жолдарын ұсынатын орган – Аналар кеңесінің бастамашыл жобаларын қолдады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button