«АЛЖИР» тұтқындары отырғызған алма бағын қалпына келтірді

Бүгін «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында РММ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5573 әскери бөлімімен» бірлесіп, музейдің аумағында алма ағаштарын отырғызды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, кезінде «АЛЖИР» тұтқындары отырғызған алма бағын қалпына келтіру.
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға бір минут үнсіздік жарияланды.
Әскери бөлімінің командирі Жандар Әбдуәлиұлы Әшірбеков және Бірлескен мұражайлар директорының орынбасары Дәулеткерей Кәпұлы кіріспе сөз сөйледі.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтары атынан 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және мемлекет қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың немересі Бекзат Құрманқызы Сәдуақасова сөз сөйледі.
Іс-шара соңында «Алаш» бағының аумағында алма ағаштары отырғызылып, «Алаш» әйелдерінің ісі жалғасын тапты деген ойдамыз.