Ел тынысы
Алматыда жер сілкінді

Бүгін 12:44-де ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Зілзала ошағы — Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км қашықта, Қытай аумағы.
— Магнитудасы — 6.7 MPV;
— тереңдігі — 5 шақырым. Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді.
Қалада дабыл іске қосылды. Сауда орталықтары мен мектептер, колледждер, ЖОО мен қоғамдық орындарда эвакуация қалыпты жағдайда өтті.



