Алматы ауданында пандусты аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Алматы ауданында пандусты аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мұндай аулаларды күтіп-ұстау толықтай тұрғын үйдің қызмет ету ұйымы арқылы жүзеге асырылады, Сонымен қатар, «Алматы» ауданы әкімінің аппараты тарапынан қосымша қолдау ретінде келесі абаттандыру жұмыстары жүргізілуде:
Кіші архитектуралық формалар орнатылуда;
Тартан және газон жамылғылары төселуде;
Орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда;
Футбол және спорт алаңдары жөнделуде және басқа да жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні келесі мекенжайлар бойынша абаттандыру жұмыстары толық аяқталды:
Абылай хан даңғылы, 56, 56а, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 17, 2/10 және 4/10-блоктар, Ғ. Мұстафин көшесі, 21, Б. Момышұлы даңғылы, 15/2 және 15/3.
Пандусты аулаларды абаттандыру — аудан тұрғындары үшін жайлы әрі қолжетімді қалалық орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.